ЖИА-ның қандай формасында кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?  

ЖИА-ның қандай формасында кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

Миоккард инфаркты

Күштеме стенокардиясы ФК ІІ

+Принцметал стенокардиясы

Күштеме стенокардиясы ФК І

Ауырсынусыз миокард ишемиясы

48 жастығы науқас ер адам стенокардиялық ұстама санының көбейіп, физикалық күшке төзімділіктің төмендегеніне және ұстаманың тыныш күйде пайда болатындығына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: тұрақты стенокардияның ФК ІІ классымен ауырғанына бір жыл болған. Болжам диагноз:

ЖИА, Тұракты стенокардия ФК ІІІ

ЖИА, Принцметал стенокардиясы

+ЖИА, Үдемелі стенокардия

ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

ЖИА, Q-тісшесіз миокард инфаркты

37 жастағы науқас ер адам кардиологиялық бөлімшеге жүрек қағу ұстамасына, төс артындағы қысым сезіміне, естен тану кезеңдеріне шағымданумен жатқызылды. Объективті: дене бітімі астениялық, жүрек тондары сәл тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – минутына 88 рет. АҚ – 90/60 мм с.б. ЭКГ- V2-V3 тіркемелерде ST сегментінің элевациясы. Тропонин Т өзгермеген. Диагнозды дәлелдеуде деректі зерттеу тәсілі:

эхокардиография

вентрикулография

коронароангиография

велоэргометрия

+тәуліктікЭКГ мониторлау

57 жастағы ер адам, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауруымен «Д» есепте тұрғанына 5 жыл болған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 160/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериялық гипертония кезіндегі ЭКГ белгілері:

электр остің оңға ауытқуы, V1 тіркемедегі R тісше S тісшеден биік

Р тісшесінің ІІ, ІІІ, аVF тіркемелерде амплитудасының биіктеуі

Р тісшесінің І, ІІ, aVL, тіркемелерде амплитудасының биіктеуі

+электр остің солға ауытқуы, І, aVL, V5-V6 тіркемелерде биік R тісше

ІІІ, аVF, V1-2 тіркемелерде S-Т аралығының төмендеуі

Синустық брадикардияның ЭКГ-лық көрінісі:

R-R аралықтар әртүрлі, бір-бірінен айырмашылығы 0,15 с артық

R-R-аралықтары, Т-Р аралығының қысқаруы есебінен, 0,60 с кем

Р тісше мен QRS комплексінің жұптасуы сақталған, РQ – 0,12-0,22 с

+Р тісше мен QRS комплексі жұптасқан, R-R аралықтары қашық немесе 1 с артық

Р тісшесінен кейін тұрақты түрде QRST кешендерінің түсіп қалуы

Атриовентрикулалық блокада – дегеніміз, бұл:

қозу толқынының оралып кіруі немесе автоматизмдік қасиетінің күшеюі

синус түйінінен шыққан импульстің жүрекшелерге өтуінің бұзылысы

синус түйінінің импульс түзуге шамасының келмеуі немесе тоқтауы

+импульстің жүрекшелерден қарыншаларға өтуінің баяулануы немесе үзілуі

импульстің ілмекте бір немесе бірнеше айналып өтуі

47 жастағы әйел стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: Артериялық гипертония ауырғанына 3 жыл, Қант диабетімен ауырғанына 5 жыл болған. АҚҚ максимальді 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, перкуссияда жүрек шекарасы солға ығысқан, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ІІ тон акценті аорта үстінде, АҚҚ - 150/90 мм.с.б. тахикардия, жүрек соғу жиілігі минутына 100 рет. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы. Болжам диагноз:

Артериялық гипертония ІІ дәреже. Жоғары қауіп.

Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.

Артериялық гипертония ІІІ дәреже. Жоғары қауіп.

+ Артериялық гипертония ІІ дәреже. Өте жоғары қауіп.

Артериялық гипертония ІІ дәреже. Орташа қауіп.

38 жастағы науқас ер адамның кенеттен АҚ 270\120 мм.с.б. дейін көтеріліп, бастың ауруына, айналуына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, қалтырауына шағымданып ауруханаға түсті. Ауру тарихынан: осы шағымдар соңғы бір жылдың ішінде бірнеше рет мазалаған. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия. Қан анализінде гипергликемия- 7,6 ммоль/л, адреналин – 300пг/мл. Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезіндегі жедел көмек:

капотен, атенолол

коринфар, конкор

лазикс, обзидан

тропафен, короним

+фентоламин, тропафен

Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның IІ дәрежесі деңгейі сай келеді:

140/90-149/94 мм.сын.бағ.

+160/100-179/109 мм.сын.бағ.

140/90-159/99 мм.сын.бағ.

130/85-139/89 мм.сын.бағ.

179/109-180/110 мм.сын.бағ.

Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында анигиотензинге айналдырушы фермент ингиторларына қарсы көрсетілім болып табылады:

созылмалы жүрек шамасыздығы

артериалық гипертензия

инфаркттан кейінгі кардиосклероз

+бүйрек артериясының атеросклерозы

декомпенсацияланған өкпетекті жүрек

Кальций антогонистерінің дигидропиридиндер тобының екінші ұрпағына жатады:

+амлодипин

дилтиазем

нифедепин

верапамил

изоптин

47 жастағы ер адам басының ауыруына, қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. Қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдостеронның деңгейі жоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия. Осы жағдайда тағайындалатын гипотензивті препарат:

Бисопролол

Индапамид

Верапамил

Физиотенз

+Верошпирон

Қан қысымының Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Гипертония бойынша Халықаралық қоғам сарапшыларының (1999ж.) жіктемесі бойынша, артериялық гипертонияның I дәрежесі деңгейі сай келеді:

+140/90-159/99 мм.сын.бағ

160/100-179/109 мм.сын.бағ.

140/90-149/94 мм.сын.бағ.

130/85-139/89 мм.сын.бағ.

179/109-180/110 мм.сын.бағ.

Сол қарыншаның жедел шамасыздығы:

өкпе текті жүрек

гидроторакс

асцит

+өкпенің ісінуі

веналық іркіліс

Ішкі симпатомиметикалық белсенділігімен кардиоселективті в- адреноблокатарларға жатады:

коргард

карведилол

анаприлин

тразикор

+корданум

65 жастағы науқас жедел артқы диафрагмалдық миокард инфаркты диагнозымен клиникаға түсті. Мониторлау барысында II дәрежелі атриовентрикулярлық блокаданың ІІ типі, (Мобитц ІІ тип) жүрек ырғағының бұзылысы анықталған. Жүрек ырғағы бұзылысының ЭКГ белгісі:

PQ аралығының 0,20 сек артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі

+PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің түсіп қалуы

QRS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі

QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі

68 жастағы науқас ер адам жедел артқы қабырғалық миокард инфаркты диагнозымен ауруханаға түсті. Дәрігердің көруі кезінде науқас кенеттен есінен танып, денесін мұздай тер басты. Жағдайы ауыр. Тері жамылғылары бозарған, мұздай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 180 рет минутына. АҚҚ - 80/40 мм с. б. ЭКГ-да: деформацияланған қарыншалық комплекс 0,18 сек. Жедел миокард инфарктының дамыған асқынуына қолданылатын таңдау препараты:

обзидан

верапамил

новокаинамид

кордарон

+лидокаин

Атриовентрикулалық блокаданың басты белгісі:

f толқындарының пайда болуы

+РQ аралығының ұзаруы

QRS комплексінің деформациясы

R-R аралықтарының қысқаруы

ірі синусоидтердің пайда болуы

42 - жастағы ер адам, таң алдында мазалайтын төс артының айқын қысып ауыруына шағымданады. Жүргізуші болып жұмыс жасайды, күндіз ауыру сезімі мазаламайды. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгеріс анықталмаған, эргометринмен сынама оң мәнді. Болжам диагноз:

ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК III

ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК I

+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК II

ЖИА. Тұрақты стенокардия ФК IV

57 жастағы әйел 1 жыл көлемінде айына 1-2 рет таң cәріде төс артының қысып ауырсынуына, сол жауырын астына берілуіне, оның нитроглицерин қабылдаған соң жарты сағаттан кейін басылуына шағымданады. Ұстама кезіндегі холтерлік мониторлауда V2-V5 кеуде тіркемелерінде ST сегменті 8 мм-ге жоғарылаған. Келесі күні ST изосызыққа түскен. Науқасқа ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия диагнозы қойылған, антиангинальдік таңдау препараттарының тобы:

+кальций антагонистері

бета-адреноблокатор

б-адреноблокаторлар

ААФ ингибиторлары

изисорбид динитраттар

Басынан миокард инфарктын өткізген, іркілісті жүрек шамасыздығымен асқынған жүректің ишемиялық ауруы бар науқастардың өмірін ұзартуға әсер ететін препараттар тобы:

кальций антагонистері

+бета-адреноблокатор

альфа-адреноблокаторлар

тиазидті диуретиктер

антиагреганттар

Күштемелі стенокардия Функциональді класс III (Канада классификациясы):

велоэргеметрдегі 60 w күштеме ұстаманы тудырады

велосипедпен 10 - 12 км/сағ жылдамдықпен жүру стенокардияны тудырады

+тегіс жермен 100 - 200 метр жаяу жүргенде ұстама пайда болады

баспалдақпен 4-5 қабатқа көтерілгенде ұстама пайда болады

ұстама аздаған физикалық күштемеден пайда болады

63 жастағы науқас әйел тегіс жермен орташа жылдамдықта 500 метрден артық жаяу жүргенде пайда болатын, нитроглицерин қабылдағаннан басылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы басып, қысып ауырусыну сезіміне шағымданып аймақтық дәрігерге келіп көрінді. Жүректің ишемиялық ауруы кезінде миокард гипоксиясының себебі:

артериальдық гипоксемия

+оттегі түсуінің жеткіліксіздігі

перифериялық венаның кеңеюі

оттегі утелизациясының төмендеуі

перифериялық артерияның кеңеюі


1916943055894182.html
1917000532964288.html
    PR.RU™